Бұқаралық-ақпарат құралдарының материалдары былай деп мәлімдейді: Қытайдың денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің темекі тартуына тыйым салып отыр. Бұған елдің алдын-алу медицинасы қауымдастығының мәліметтері себеп болды.
Қауымдастық жүргізген зерттеу бойынша, Қытайда 350 миллион шылымқор бар. Жылына 1,5 миллион адам темекіге әуестік салдарынан қайтыс болады екен. Түтінқұмар қытайлықтардың 56,8 пайызы дәрігерлер. Министр Чэнь Чжу: «Дәрігерлердің шылымды тастауы қарапайым халыққа үлгі болуы тиіс»,-деп отыр. Ол аурулармен жұмыс кезінде, жалпы, медицина мекемесі ішінде темекі шегуге тыйым салатын өзге дамыған мемлекеттердің тәжірибесін алға тартады.
|