Бетінің өлшемі 6 мың шаршы метр болатын кілем Иран қаласы Нишапурде Біріккен Араб Әмірлігінің тапсырмасы бойынша тоқылды. Құны 8,5 миллион доллар тұратын кілемді қолмен 1200 шебер 50 атақты кілемшенің бақылауымен жасады. Оның өндірісі үшін 35 тонна табиғи иран жүні мен 12 тонна мақта қолданылыпты. Кілем 9 бөліктен тұрады, оны Нишапурдегі 3 кәсіпорында тоқыған екен. Сөйтіп, қолдан тоқылған ең үлкен кілем әлемге әйгілі болуда.
|