Көшеде көлденең жүрген бір-екі кісіге кездескен біреу «мына дүкеннен нені болсын ешкімге байқатпай алып шыға аламын» деп мақтанады. Оны тыңдап тұрғандардың біреуі тіпті бір қорап кәмпит алып шыға алсаң елу теңге тігейін деп бәстеседі. -Мені осы арадан күт,-деп мұны босағада қалдырып, мақтаншақ ізінше бір қорап кәмпитті қолтықтап қайта шығады. -Міне, айтқанымда тұрдым, енді бәсіңізді беріңіз. -Шынында епті екенсіз,-дейді анау.-Бірақ мен қылмысқа қарсы күресетін полиция адамымын. Сізді ұрлығыңыз үшін апарып қамауға тиіспін. -Оған асықпаңыз,-деп күлді мақтаншақ,-Мен осы дүкеннің иесі боламын.
М. Төктебайұлы
|