Мәйітті жерлеу жөніндегі қысқаша мағлұматтар А.Зулай. Р. Мухитдинов құрастырған «Жаназа рәсімдері» атты кітаптан алынғанын ескерте отырып, қайтыс болған адамдар туыстарына айтарымыз-бұл жөнінде толығырақ «Мұхамади» мешітіне келіп, не болмаса хабарласып білулеріңізге толық мүмкіндік бар демекпіз.
Мәйітті кебіндеу-уәжіп.
Кебін марқұмның қаражаты есебінен алынады. Кебіндеу қарыз, өсиет, мирас туралы сөз қозғамас бұрын орындалады. Егер марқұмның кебіндік қаражаты болмаса, онда бұл оның қамқоршыларына жүктеледі. Олар туыстық жақындығына қарай айқындалады. Мысалы: Әкесі, атасы, баласы немесе немересі. Егер олар да бұған қаражат таба алмаса, мұсылмандардың қаржы үйінен алынады, егер онда да жоқ болса, онда осы жағдайдан хабардар кез келген мұсылманға уәжіп болады.
|