Ғашықтар жүрген жерде қайғы да бар. С. Сарайи
Ажырасар болған соң, құшып сүйгеннен не пайда. С. Сарайи
«Бұл дүние-ғашықтар дүниесі» деп айтады біліктілер. Құтып
Махаббат-қашып құтыла алмайтын қайғы. Р. Хорезми
Көрсетсе мейірбандық бейімделіп, Шапағат сыйла сен де пейілденіп. Р. Хорезми
Жаны таза адам сұлулыққа құмар келеді. Р. Хорезми
Жылуы жоқ жүрек-қуыс кеуде. Ж. Баласағұн
Махаббаттан мың түрлі сыр туады. Улы жылан сөз емес, махаббат уы тұрғанда. Көне ұйғыр жазу ескерткіші Ғашық кісіде шыдам болмайды, Шыдам болса, ғашық болмайды. Құтып
Құпия жүрген махаббат айырылар күні қор болар, Жаралы көзді жасырма-бәрібір жасы сорғалар. М. Қашқари
Сүйгенін қоштасуға кім қиыпты, Жері оның теңізден де тұңғиық-ты. Ж. Баласағұн
Жүрек кімді қаласа, сол-сұлу, Сүйген адамға жаның жол табады. С. Сарайи
Махаббаттан өмір туады. Р.Хорезми
«Бұл дүниені ұстап тұрған-махаббат, егер сүю болмаса, адам да болмас еді»,-депті біреу. Құтып
Үйлену дегеніміз-өз правоңның жарымын азайтып, міндеттеріңді екі есе көбейту деген сөз. А. Шопенгауэр
Семья махаббатың шаршап-шалдықпайтын еңбегімен жасалады мес пе? Ф. М. Достоевский
Теңсіз неке-алдын ала егілген бақытсыздықтың дәні. А. И. Герцен
Семьялық махаббат адамдар арасында анағұрлым кең таралған және анағұрлым берік, өйткені адамдардың өміріне ықпалы жөнінен адамның барлық ізгі сезімдерінің ішіндегі ең маңызды әрі ең игісі. Н. Г. Чернышевский
Шынайы адамгершілік махаббат-сезім асқары мен жүрек қалауын қанағаттандыруға емес, бір-бірінің адамгершілік қадір-қасиеттерін өзара құрметтеуге ғана негізделуге ғана негізделуге тиіс. В. Г. Белинский
Семьяны жасайтын және нығайтатын күш-махаббат. Әке-шешенің, әке мен балалардың, ана мен балалардың өзара, сенімді, адал, шын берілген махаббаты. Алайда, махаббат-басқа бір жақтан, сырттан келетін шабыт немесе таң шапағы емес. Махаббат дегеніміз-орасан зор еңбек. В. А. Сухомлинский
Махаббатсыз-дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар. Абай
Махаббат-әуелі адамның адамдығы. Абай
Шын көңілмен сүйсе екен, Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе. Абай
Шын сүйіспеншіліктің әуестенуден өзгешелігі-ең алдымен, оның тереңдігінде... Тек құмарлыққа ғана салынып, шынайы махаббат қолынан келмейтін адамдар бос кеуде боп қала береді. Б. М. Теплов
Махаббатта астар көп. Бұлардың әрқайсысының өз жарығы, өз мұңы, өз бақыты, өз рахаты бар. К. Г. Паустовский
Махаббат ыстық сезім, бірақ оған ақыл, ес әмірші болуға тиіс. В. А. Сухомлинский
|