Махаббатта ашу-кек жоқ, Достықта қошемет жоқ.
Сүйіктің жоқта дүние суық.
Шынайы сезім шытынамайды.
Көз мыңды көрер, Көңіл бірді сүйер.
Азапсыз махаббат- Арзан махаббат.
Махаббат бар жерде-машақат бар.
Сұлу сүйген емес, сүйген сұлу.
Адам болар жігіттің Жары өзіне лайық. Керуен бастар жігіттің Нары өзіне лайық.
Алмауыттан ат мінсең, Жақын болар алысың. Әдепті, арлы жар сүйсең, Оңғарылар бар ісің.
Жақсы әйел-теңі жоқ жолдас, Түбі жоқ сырлас.
Екі жақсы қосылса, Ай мен күндей жарасар. Екі жаман қосылса, Ырылдасар, таласар.
Ағайын тату болса, ат көп, Абысын тату болса, ас көп.
Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.
Ер жігіттің аты жақсы болса, бір бақыт, Алған жары болса, мың бақыт.
Таза сабаның қымызын іш, Мейірман ананың қызын ал.
Жақсы жұбай-жарым бақыт.
Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық.
|