«Бұл өте оңай тәсіл. Әрі дәмді, әрі тәтті және қалтаны да қақпайды. 1 кг ақжелкенді (петрушка) тамырымен және иістіжелкеннің (сельдерей) бір үлкен тамырын аласыз. Бәрін майдалап ұсақтап (әйелім осының бәрін ет тартқыштан өткізіп берді), араластырасыз. 1 кг бал мен 1 л су қосасыз (мен минералды суды алатынмын). Әлсіз отқа қойып, қозғап отырып қайнағанша ұстайсыз. Осы ыдыстың өзінде 3 күн тұндырасыз. Содан соң тағы да 1л су қосып, әлсіз отта қайнағанша ұстайсыз. Қоспа қайнаған кезде, оттан алып, сұзесіз. Сироп тәрізді зат пайда болады. Күніне 3-4 рет тамақ ішер алдында 1 ас қасықтан ішесіз. Бір айдан соң менің бүйрегімде құм болған жоқ. Бұл рецептті бір газеттен оқып алып едім.»
Б. Сұлтанбеков
|