Көне грек мысалшысы Эзоптың нақты туған жылы мен айы белгісіз. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда өмір сүрген. Көзі жұмылғанша Ксаеф есімді ауқатты әлдекімнің байкесті құлы болыпты. Эзопты тұңғыш рет көрген адам бейне құбыжыққа жолыққандай әсерде қалады екен. Басы қазандай, ұшы үшкірленіп біткен мұрны репетсіз ұзын. Тілінің мүкісі бар, сол себепті сақауланып сөйлейді. Қолдары қысқа, өзі бүкір, қарны тізесіне түскен. Оралымсыз қимылдайтыны соншалық, ол жүрген жерде әлдене құлап немесе сынып, салдыр-гүлдір дыбыстар қатар естіліп жатады екен. Сонысына қарамай ерекше қалың еріндері арасынан шыққан қыршаңқы сөздері төңірегіндегілерді қыран-топан күлкіге кенелтетін көрінеді. «Қарай гөр өзін! Сақау болғанда былай сөйлейді, түзу сөйлесе мынаның тілі тірі адамды жерге кіргізетіндей екен, ә...» деп таңдай қағысқан...»
|