Нағыз адам жер бетінде өзін қарыз адамдай сезінеді, әйтпесе ол масыл ретінде сезінуі тиіс еді. Адамға-адам болу, ойлай болу, тыңдай білу-осы үш қабылет керек. Өзі үшін ғана өмір сүріп, өзіне ғана пайда болысн деген адам бақытты бола алмайды. «Өзің үшін өмір сүргің келсе, біреулер үшін өмір сүр»,-депті Сенеке. Кісі болар кісінің Кісіменен ісі бар. Кісі болмас кісінің? Кісіменен несі бар,-деген Ақсуат би. Адам ағын су емес. Аығн су артына қарай алмайды. Артыңа қара, ізің қандай болып түсіпті, үңіл.
М.Кемел. «Ақыл қалта»,- кітабынан «Аударма» баспасы, Астана, 2007ж.
|