Жалғасы... Оңбаған құс өз ұясына өзі саңғиды.
Төс болғанша, балға бол.
Ақылды саудагердің ақшасы базарда.
Жар таңдасаң көзіңе сенбе, Жұрттың айтқан сөзіне сен.
Қатал әміршінің үстемдігі ұзаққа бармас.
Құдыретті әкімнің құрығы ұзын.
Көңіліңе жаққанды көргің келер.
Ақымақтық пен астамшылық ағайындас.
Соқыр тауық та сепкенді тауып жейді.
Алушыға мың көз керек, Сатушыға бір көз керек.
Шаруаға жағар тауық шалқанға жұмыртқалайды.
Ұшып жүрген сауысқан үнемсіз қалмас.
Ерте тұрғанның етегі алтынға толар.
Көп көп біледі, көптен көп білем деген түк те білмейді.
Есек құлағынан танылар, Есер қылығынан танылар.
Тәтті ұйқы тамақтан кем емес.
Парызың сөйле деп тұрғанда үндемей қалу-қып-қызыл қылмыс.
Асыл сөз арнап берген сыйдан артық.
Ақша сөйлеген жерде басқа сөйлемейді.
Кәрі қарға қарадан-қарап қарқылдамайды.
Жұбайы жоқ еркек те бір- Жапырақсыз терек те бір.
Кешкі асыңды қысқарту- Кешер күніңді ұзарту.
Еңбек-ырызық, еріншектік-қырсық.
Ағаттық өткен соң, Ақыл-кеңестен не қайыр?!
Жалғасы бар...
|