Сұрақ: -Жұмыс, «анау-мынау» деп жүгіріп жүріп, көп нәрсенің мәнісіне мән бермей қалатын жайымыз бар. Осыған сәйкес «құлақтың шуылдағанына» білетіндер не дейді екен. Осыған жауап берсеңіздер.
Нариман , Өскемен қаласы
Жауап:-Құлақтағы шу қандай да бір аурудың белгісі. Егер құлағыңыз жиі шуылдап, басыңыз ауырса, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Себебі есту жүйесінің қабынуы, құлақ аурулары, отороклероз және баста, мойында, мида, ісік пайда болғанда, жүрек қан тамыр жүйелерінің ауруларында құлақ шуылдайды. Сондықтан ауруды асқындырып алмас үшін дәрігерге қаралып алу керек. Сондай мына кеңеске құлақ түре жүріңіз. Бір стақан суға бір шай қасық бал қосып араластырады. Қоспаны үшке бөліп күніне үш рет тамақтану кезінде қабылдайды. Бұндай қоспаны жиі ішіп жүрсеңіз, мидың жұмысын жақсартуға септігін тигізеді.
Жанболат Есіркепов.
|