Сұрақ:-Омартада жұмыс істеудің артықшылығы жайлы көпшілік жөндеп айтпайды, «енді жақсы ғой»-деседі. Осы сауалға сіздер, қысқаша, не дер едіңіздер? Сәкен, Глубокое ауылыЖауап:-Омартадағы ауаның ерекше шипалы қасиеті бар. Омарта маңында істелетін жұмыс адамға жеңіл және қызғылықты, ол адамды толысып, семіруден сақтайды. Омартада қызмет ететін адам көптеген нервтік және психикалық қасірет шегуден аулақ болады. Олар қаланың у-шуынан да құтылады. Ал тыныштықтың нерв жүйесі үшін маңызы зор. Омартада істейтін адам өте қайырымды, жарқын жүзді, шат көңілді болады.Адамның өзін қызықтыратын және өзі ұнатқан мамандығы бойынша жұмыс істеудің де маңызы зор. Осындай өз жұмысын ерекше жақсы көріп, оған шын берілушілікті ара өсірушілердің көпшілігінен байқауға болады. Арамен, әдетте, балалық шақта танысып, есейе келе онымен «достасады», жасы толғанда онымен жұмыс істеп, қартайғанда да одан қол үзе алмайды.1907 жылы ағылшын жазушы доктор Д. Мор: «Ара біздің барлық ауруларымызды емдеуге мүмкіндік береді. Бұл адамның дүние жүзіндегі ең бір жақсы кішкентай досы»-деп жазған. Қазіргі уақытта біз «ара біздің ауруларымызды емдеуге мүмкіндік береді» деп айта алмаймыз, бірақ ол барлық мамандықтағы дәрігерлердің жақсы көмекшісі екені сөзсіз.Табиғатта барлық аурулардан құтқаратын бірде-бір дәрі болмайды. Сол сияқты аралар да, ара өсіру шаруашылығының өнімдері де барлық пәледен құтқаратын дәрі бола алмайтындығы сөзсіз, алайда көптеген ауруларды емдеуге және ұзақ өмір сүру проблемасын шешуде ол аз роль атқармайтындығы мәлім. Фото: Сайт Анохина Ю.В.
|