Воскресенье, 07.12.2025, 08:00
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 25
Гостей: 25
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2010 » Март » 18 » Қонаққа сый-құрмет
Қонаққа сый-құрмет
00:26
Біздің қазақ халқы өзінің даласының кеңдігіне сай пейілінің дархандығы, құшағының ашықтығымен былайғы жұртты тәнті етіп, оларға үлгі-өнеге болып жүргендігі баршаға аян. Ол өзінің көңілінің жомарттығы әрі мәрттігі, берекелі қолының ашықтығымен де, өзгелерден оқшау тұрған ерекше құбылыс.
Әсіресе, өзінің ақтылы малында, киелі қазанында, қасиетті ас жаулығында беймезгіл келетін қонақтың еншілі сыбағасы бар деген түсінікті санасына мейлінше сіңірген ол қонақ күтуге келгенде алдына жан салмады. Тіпті құдіреттеніп кетеді. Бұл мінез үшін оны сөгетіндер де жоқ емес. Алайда келген мейманға жас ерекшелігі мен қадыр-қасиетіне сай көрсетілген сый-сияпаттың еш әбестігі бомаса керек. Керісінше оның астарында үлкен тәрбиелік мән-мағына бар.
Мәселен, ұлы қаламгер М.Әуезовтың айтуына қарағанда сыйлы қонаққа бас тарту дәстүрі дүние жүзінде Африкадағы бәдәуилер тайпасында және қазақтарда ғана сақталған көрінеді. Ал мұны «Қазаққа тән ерекшелік емес» деп көріңіз?
Десек те уақыттың өзгерісіне байланысты көп жақсылықтарымыз көмескіленді. Соған байланысты бүгінгі жастарымыз, тіпті үлкендеріміздің өзі де қонаққа қойылар табаққа ет салу дәстүрін біле бермейді.
Білмегендердің естерінде бола жүрсін деп, қонақтарға тартылар табақ түрлерін сіздерге ұсынып отырмыз.
Табақ тартқанда бастың тұмсығын табақты әкелген адам өзіне қаратып әкеліп, қойғанда оны ұсынған кісіге қаратып бұрып қояды.
Бас-құрметті қонақтың, ақсақалдың сыбағасы.
Сый табақ-бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе, жылқы, қой, сиыр еті.
Құда табақ-бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе, жылқы, қой, сиыр еті.
Құдағы табақ-жақ, қазы-қарта, қарын, тоқ ішек, асық жілік, жылқы, сиыр, қой еті.
Жеңге-табақ-асық жілік, сүбе, қабырға, мойын омыртқа, қазы-қарта, құйрық, өкпе, ұлтабар.
Беташар табақ-сүбе, төс еті, қарын, ащы ішек, құймышақ, мойын, омыртқа.
Күйеу табақ-төс, тоқпан жілік, қабырға, омыртқа еті, жылқының қазы-қартасы, жауырын, қой еті.
Қыз табақ-құймышақ, тоқпан жілік, беломыртқа, сүбе, қабырға, жүрек, жылқы, сиыр еті, қой еті.
Құрдас табақ-тоқпан жілік, омыртқа, сүбе, қабырға, қазы, құйрық.
Бала табақ-беломыртқа, қабырға, бүйрек, бақай, асық жілік, жылқы, сиыр, қой еті.
 
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 2005 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Март 2010  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz