Тапқырлығы, алғырлығы, әділдігімен ел құрметіне бөленген Мәтжанды ел 20 жасында-ақ болыс етіп сайлайды. Оншақты жылдан кейін өткен қайта сайлау кезінде бұл мәнсаптан өзі бас тартады. Үйез бастығына "мені сайламаңдар" деп арыз береді. Мұны есіткен ағайындас байлар:
-Басыңа қонған бақытты тепкенің қалай?-дейді. Сонда Мәтжан тұрып:
-Мен болыс болсам, халқыма пайдам тие ме деуші едім, оным бекер екен. Анау патшаның шен-шекпенді жандаралдың көңілін табуым керек. Өйтсем мен халқымды қанап-тонауым керек. Олай етіп болыс болғанша, болыс болмағанның, өзі артық емес пе,-депті.
-Аққумен істес болсаң көңілің пәк болады. Қаршығамен істес болсаң-тамағың тоқ болады. Қарғамен істес болсаң-шоқығаның боқ болады. Осыған көзім жетті,-деген екен.
Н. Төреқұлұлы
|