Шаштың түсуін тоқтату үшін мынадай қоспаны пайдаланса болады. Бір қасық бал, алоэ шырынын және бір қасық сарымсақ сөлін араластырасыз. Тұнбаны салқын жерде сақтап, жиі қолдануға да болады. Шашыңыз жумас бұрын осы тұнбаны бас терісіне сіңіріп жағу керек. Қолданардан бұрын қоспаға жұмыртқаның сарысын араластырасыз, жарты сағаттан кейін шашты жылы сумен шайып тастау керек. Шаю үшін өсімдіктерден жасалған арнайы тұнбаларды қолдануға болады. Үш-төрт рет пайдаланған соң, тұнба жақсы нәтижесін береді.
Алтын Демеуова,
Өскемен қаласы
|