Барлық істі де ынсаппен істе. (Ю. Баласағұни.) Кіріске қарай шығыс қыл: Кейде шығын шығар болса бір іске, Оның өзін шамалап ал кіріске. (Ю. Баласағұни.) Үш нәрсе тұрақтамайды: Бірі-саудаға түспеген мал (дүние), Екіншісі-таласқа түспеген ғылым, Үшіншісі-саясаты жоқ патша. (С. Сарайи.) Әр адамға сай келетін бір жұмыс бар, Әр жұмысқа сай келетін бір адам бар- Осыдан шығатын бір ғибрат бар: Әр адам өзі білетін ісімен айналыссын. (С. Сарайи.) Табысың жоқ болса, шығатын шығыныңды азайт. (С. Сарайи.)
|