 Қай елдергі болсын әйелдер мен еркектердің өмір жасының орташа ұзақтығына қарасаңыз, әйелдердің еркектерден бес-алты жас артық жасайтынын көруге болады. Мұның себептерін дәрігерлер былай деп түсіндіреді: еркектер дәрменсіз болып көрінуден қорқады, о жер, бұ жерінің ауыратынын талайға дейін жасырып жүреді, еш уақытта дерлік дер кезінде көмек сұрамайды. Психологтардың пікірінше, олардың өмір жасының біршама қысқарақ болатыны нақ осыдан. Мысалы, ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін әйелдер айғайлап болсын, жылап болсын, тағдырына налып, ашуын да, шерін де сыртқа шығарады. Еркек болса, бұған қарама-қарсы, көбіне ішіп алып, төбелесуден бастап жол оқиғасына дейінгі әйтеуір бір апатқа ұшырап тынады.
|