"Көз тиді" деген сөздерді естиміз.
Бұл жөніндегі мынадай қысқаша пікірлерге назар салсақ артық болмас. Психотерапевт,медицина ғылымдарының кандидаты Марат Әсіпов-"көз, тіл-сұқ" дегендерді медициналық негізде тұжырымдап беруге талпынып жүрген дәрігерлердің "пионері". Психологтың айтуынша, кейбір адамдардың көз жанарының табиғи сәулесі, ал алақанының биологиялық энергиясы мөлшерден көп болып кездесетіндігін, оның қазақы ұғымдағы "жүзі жұқа", медициналық терминде "қорғашын иммунитеті төмен" сәбилерге ерекше әсер ететіндігін, мұндай жағдайда медицина мен халық емін ұштастырудың зияны жоқтығын айтады. Мамандар адам бойындағы кері әсер етер сәулекүштің қандай құбылыстардан қуаттанатынын түсінбей әлек. Тіпті қатарымызда екі-үш жасқа келгенше баласына мейірлене қарауға жүрексінетін әкелер де бар. Сөз соңында ғана табиғи түйсігі өзгелерден ерекшеленіп тұратындар "мейірлену, жақсы көру сезіміне тежеу салып" жүрсе екен дейміз… Г. Сабаева.
|