 Енді бір аңызда ауылына келіп отырған Төле би мен Қазыбек Әйтеке баладан:-«Жігіттің жақсысы қандай болады?» деп сұрапты.-Дұрыс сөзге тоқтай біліп, басқаны сөзіне тоқтата білген,-дейді Әйтеке.Сол уақытта үйге бір түлкіге дауды екі кісі келіп кіреді.-Бала, осы даудың төрелігін сен бере қойшы,-дейді билер.-Мен түлкінің жүні жетілсін деп жаз басынан сыртынан бағып жүр едім,-дейді жауапкер.-Мен кешегі қансонарда ізімен келіп індеттім,-дейді талапкер.Сонда Әйтеке бала аз ойланып:-Түлкі арлан болса-ізімен келіп індеткендікі; ұрғашы болса-жүні жетілсін деп ін баққандікі. Өйткені ұрғашы ін сақтайды, еркек түз сақтайды,-дейді.
Фото сообщества на Mail.ru: автор Мадина Жумадилова
|