Лұқпан хакім қартайып, өлерінде: «Есіктегі басым төрге жеткендей болған жоқпын»,-деген екен. Өмірдің байқаусыз зырғып өте шығатынына мысал бұл. Бір күннің өткенде жай ғана бір күнім өтті деме, өмірімнің бір бөлігі өтті де. Солып, төгіле бастаған гүл жапырақтарына қарап, кейін сен де солай болатыныңды ойла. Жаңа күнге жеңетініңе сенімді күреске, жаңа өмірге кіргендей жарқын көңілмен кір. «Ағарып атқан әрбір таң қиындықтан шығу жолын көрсетеді»,-депті Омар Хайям наурыз хадистерінде. Дұрыс пайдалана білгендерге өмір қысқа емес. Дұрыс пайдалана білмегендерге уақыт жетпей қалған сияқты болады. Тығырыққа тірелдім деп түңілгендер-өзіне берілген уақытты өздері қысқартып жүргендер. Өмірден өш алғысы келгендер өзіне-өзі қол жұмсайды, өзіне-өзі наразы адамдар өмірден өш алғысы келгендей етіп жұмыс істейді.
М. Кемел (Ақыл қалта, А., 2007ж)
|