Техникалық прогрестің қауырт дамуы адамның денсаулығына әркезде бірдей пайдалы деуге әсте келмейді. Әсіресе балаларға қатысты бұлай деуге болмайды. Жапония білім министрлігінің балабақшалар мен мектептердегі бір миллионнан астам балалар мен жеткіншектердің арасында жүргізген зерттеулері ілгерідегідей қорытындыны тағы да растай түседі. Мемлекеттік Эн-Эйч-Кей телекорпорациясы орта мектеп оқушыларының 60 пайызының дерлік көздерінің көруі нормадағыдан үштің бір үлесіндей кемігенін хабарлаған. Әсіресе жоғары кластар оқушыларында бұл жағдай өте-мөте анық байқалады. Олардың көру қабілеті дұрыс болып шыққандары отыз пайызға дейін де жетпейтін болған. Жеткіншек ұрпақтың көру қабілеттері нашарлауының басты себептерінің бірі қазіргі балалардың телемониторлар экрандарының алдында тым көп уақыт өткізетіндігінен дейді министрліктің мамандары.
|