Бірде Мөңке би өз қатарымен ойын-тойда отырғанда бұрын қалжыңдаса беретін бір құрдасы: -Би-екем сарқытын маған берді?-деп көпіре берсе керек. Оны анау-мынау әңгімемен қойдыра алмасын білген Мөңке: -Сарқытын бергенде қасында тағы кімдер болды?-деп сұрайды. -Е, ешкім де болған жоқ,-дейді мақтаншақ. Сонда Мөңке би: -Сарқытын саған бермегенде, итке берсін бе?-деген екен.
|