1.Ерінбеген емер, қажымаған женер. 2.Қас екеніңді қабағыңнан танимын. Сараң екеніңді тамағыңнан танимын. 3.Қорқаққа пана болмас қалың тоғай, Жалқауға бүгінгіден ертең оңай. 4.Қайғы қан аздырады, мылжың ми тоздырады. 5.Ұрыспай айырылған, ұялмай көріседі. 6.Қазан қолыңды күйелейді, Жаман жүзіңді күйелейді. 7.Сыйлап берсең, сараң да мырза болады. 8.Сойыл күшін соққы көрген біледі. 9.Қонымды киім-бойға көрік. 10.Шешеннің нақылы ортақ, Көсемнің ақылы ортақ. 11.Жақсы жүрген жеріне кент салар, Жаман жүрген жеріне өрт салар. 12.Жолдағы құйрықтан қолдағы өкпем артық. Жалғасы бар…
|