Асқазанның қыжылдауы, астың дұрыс қорытылмауы, жел қарысу, гастрит секілді ауруларға ерте кезде ең қарапайым ем қолданып, таңертең аш қарынға бір стақан шикі картоп сөлін ішкізетін болған. Тамақты одан бір сағат өткен соң ішкізген. Он күн осылай ішкен соң он күн демалдырып барып емді қайта бастаған. Одан әрі екінші рет он күн демалдырып, қайтадан он күн емді бастаған. Халық ем-домында бауырдың ауырғанына ем ретінде жарты стақан ашыған капуста сөлін жас помидордың жарты стақан шырынымен араластырып, тамақтың соңынан күніне үш мәрте ішкізген.
|