Үйлену тойы адам өміріндегі ең бір жауапты, іждағаттылықпен дайындалуды қажет ететін салтанат. Жас отау иелерінің болашақта тату-тәтті өмір сүруіне алғашқы той күнінен алған әсердің берері көп. Сондықтан үйлену тойларын мәңгілік есте қаларлықтай қызықты, мазмұнды етіп өткізген абзал. Халқымыз «үйлену-оңай, үй болу-қиын» деп текке айтпаған. Оның да өзіндік қызығы мен қиындығы бар. Бас қосып, отау тіккен жастардың ыстық-суығы басылған соң, кездескен уақытша қиындықтарға шыдамай, айырылысып жататындары да жиі кездеседі. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін алдамшы сезімнің құрбаны болмай, ойы мен ниеті қабысып, бірін-бірі шын сүйіп, өз болашақтарына сенген кезде ғана бас қосу керек. Б. Хабдина Қадірменді ағайын! Бұл пікірге қосымша айтар сөз-жастардың арасында сүйгендерімен сүйсініп, неке қию салтанатын Мұхамади атындағы мешітте өткіземіз деушілер болса, алдын-ала хабарлап қойғандары жөн. Мұндай қуанышты сәттерге мешіт есігі әрдайым ашық: неке қию салтанаты қалай өтер екен деп қобалжушылар табылса, дәйекті жауаптар күн ілгері-ақ беріледі.
|