Ғалымдар сырдың адам ағзасына берер пайдасы оның тәуліктің қай мезгілінде желінгеніне байланысты деген жаңалық ашты. Таңғы сағат 9-10-дарда сыр үшін алтынға бара-бар-дәл осы кезде өнім ағзаға толықтай сіңіріледі. Сағат 10 мен 12-нің аралығында сырдың құндылығы азайып, «күміспен» теңеседі, ал 12-ден бастап 16-ға дейін тіпті «қолаға» айналады. Сондықтан таңертең жұмысқа аттанар алдында бір тілім сыр жеп кетуді ұмытпаңыз. Балқытылған сырды таңдаған дұрыс емес. Айтпақшы, сырдың құрамындағы кальцийдің мөлшері сүттегіден көбірек.
|