Жақсы туған жігітті Жаным десе жарасар. Жақсы ұл туған қатынды Ханым десе жарасар. Жақсы туған жігітке Бүкіл елі таласар. Жаман туған жігіттер Қара жолдан адасар. Жақсы жігіт белгісі Түзде мырза, үйде құл.
Жапалақ құс мақтанса, Жардан тышқан алдым дер. Жаман адам мақтанса, Жақсыны аяғынан шалдым дер.