Әрбір дүниеге сәби әкелген ана өзіне жүктелген жауапкершіліктің аса маңызды екенін сезінуі керек. Баланың болашақта қандай адам болатыны және Ақыреттегі жағдайы тәрбиеге байланысты. Сондықтан ана бұл баланың қандай болатыны бірінші Аллаһқа, екінші маған байланысты деп түсінгені абзал. Ал енді «тәрбие деген не?» деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Тәрбие төрт нәрсеге байланысты: тәні, ақыл-ой, танымы, ішкі жан дүниесі, тұлға ретінде қалыптасуы. Бала тәрбиесінде аналар бірінші тән тәрбиесіне көп мән береді де, қалғандарын естен шығарып алып жатады. Әрбір ата-ана бала тәрбиесінде осы төртеуіне де жіті мән беруі керек. Баланың сау болуы анасының жүктілік кезінде өзін-өзі күтуіне, дұрыс тамақтануына, дәрумендер қабылдануына тікелей байланысты. Жүктілік кезінде еген сізге біреу: «Екі адам үшін жеу керек»,- десе, сенбеңіз. Шындығында, белоктарға, дәруменді және минералды заттарға сұраныс күшейеді, әйтсе де сіздің денсаулығыңыз үшін бұлардың барлығы 200 калорияға ғана көп керек. Есіңізде сақтаңыз: болашақ ана үшін әртүрлі дәруменді тағамдар жеудің пайдасы мол. Сол сияқты аш жүру, тым тоя тамақ жеу және үнемі бірдей тағамдар қолдану зиянын тигізеді. А. Сарбала «Мать и Дитя» кітабынан алынды.
|