Данышпансыз, дәрігерсіз
Жұрттың бәрі дәрменсіз.
Арпасыз қапшыққа ат та жоламайды.
Жазда терлемеген қыста жаурайды.
Олақ қасапшы не пышағын сындырар,
Не қайрағын күл қылар.
Жасыған шегені жаңа шеге айдап шығады.
Азаматтың мінін әйелінің көзінше айтпа.
Бір әйел сүйік,
Екі әйел-күйік.
Жолаушы жолым болса дейді,
Көлбақа көлім болса дейді.
Опасыздың өрісі тар.
Жастық шақтың қадірін-
Жасқа келіп, таныдым.
Сұмның қолынан соқыр есек те жем жемес.
|