Әумин!-десең маған, Құдай берсін саған. Алтыннан болсын тағаң, Күмістен болсын жағаң. Күрпілдесін сабаң, Арта берсін бағаң. Бүкіл Ботпай, Шымырдың, Малын берсін саған. Әуелі Құдай оңдасын, Тоқсан інген боталап, Тоғыз келін қомдасын. Ұлың оншақты болсын! Қызың моншақты болсын! Қазаның қаспақты болсын! Сиырың баспақты болсын! Ей, Алла, барлығын сақта, Әйелді байымен сақта. Биені тайымен сақта, Әр затты жұбымен сақта, Өзіндік құнымен сақта!
|