-Дәрігер, тісімді қалай дұрыс сақтасам екен? -Тамақ ішкен соң жақсылап тазалаңыз, сонан соң аузыңыз құлыпталғандай ылғи жабық болсын.
Дәрігер практикантқа: -Жазыңыз: Бас сүйегі қатты зақымданған… -Мұндайда бас сүйегі сынып, мыйы шайқалған демеуші ме еді? -Мынада мый жоқ, мыйы болса, әйелінің туған күні мерекесіне көңілдес болып, махаббат ойнап жүрген қатынын алып келмес еді.
Екі еркек ойларында жоқта кездесіп қалады. Сонда біреуі екіншісінен: "әйеліңнен ажырасқанда өзіңді қалай сезіндің? Қатты күйзелген шығарсың?" дейді. Сонда ананың жауабы: -Қазірдің өзінде бұрынғыдан әлдеқайда жақсымын,-депті,-әйтпесе ажырасқаннан кейінгі алғашқы апталарда қатты қуанғаным соншалық, қуаныштан есімнен адасып қала жаздадым.
|