Танымаған жерде бой сыйлы,
Танымаған жерде тон сыйлы.
Тіріде сыйласпаған,
Өлгенде жыласпайды.
Отыз күн оразаның,
Бір айты бар
Әр қылған жақсылықтың,
Бір қайты бар.
Жаман үйдің қонағы билейді.
Бір көрген біліс,
Екі көрген таныс.
Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.
Далаға түнегенше,
Молаға түне.
Жолаушы ақысы жүрсе бітеді.
Жолға шықсаң сайлан,
Бес қаруыңды байлан.
Жартыны жарып жеген
Татулықтың белгісі.
Көп ақмақтың ағасы болғанша,
Бір ақылдың інісі бол.
Сыйласуға жат жақсы,
Жыласуға өз жақсы.
Жолға шықсаң сайлан,
Бес қаруыңды байлан.
|