Ел аңқау болса, доңыз төбеге шығады.
Жапа шеккен опа көрер.
Іс көп-темір аз, Ұста көп-көмір аз.
Тек жатардан тәңірі де безер.
Аузы қисық болса да, Байдың қызы бай таңдар.
Іші пысқан қатын ісі бардың ісін қалдырар.
Аштан өлгеннің қойнынан ақ нан іздеме.
Бар жерінде бал да арзан.
Күмән сенімнен айырар.
Өзін-өзі түсінген-кемеңгер.
Жақсы әйел мен жақсы ат Күлмей тұрып күлдірер. Жаман әйел, жаман ат Өлмей тұріп өлтірер.
Қаңғыбас ерге барғанша, Қазулы көрге бар.
Құрғақ сөз құлаққа жақпас.
Жаны сауға күнде той.
Есек семірсе, иесін тебеді.
|