Жарлы болатын жігіт байталын атқа сатады, Жалғыз болатын жігіт ағайынын жатқа сатады.
Туысы жаман туғанын жамандайды.
Ағайын-туған кімде жоқ, Сыйласпаса-жат жуық.
Алтау ала болса-ауыздағы кетеді, Төртеу төбе болса-төрдегі келеді.
Ағайының барда дұшпаным жоқ деме, Абысының барда күндесім жоқ деме.
Өзіңді өзің сыйласаң жат жанынан түңілер.
Ағайын тату болса-ат көп, Абысын тату болса-ас көп.
Жалғыздың аты шықпас, Жаяудың шаңы шықпас.
Ит ұяласынан ақсайды,
Жолдан адасқан ауылын таппас, Елден адасқан бауырын таппас.
Қара наннан қалаш жақсы, Жаман ағайынан алаш жақсы.
Құлан өз қағынан жерімейді.
Қошқар болар қозының маңдайы дөң болар, Адам болар жігіттің маңайы кең болар.
Бай болайын деген жігіт айырбасшыл келеді, Адам болайын деген жігіт қарындасшыл келеді.
Атың жақсы болса-қанатың, Ағайының жақсы болса-санатың.
|