Ертеде бір Рақматолла дейтін хат-шот білмейтін анайы қазақ құдасының үйіне келіпті. Кеш болған соң құдасы намаз оқиық депті. Рақметолла намаз оқуды білмейтін едім деуге ұялыпты. Екеуі намаз оқыпты.
Сонда құдасы оңға, солға бұрылып «ассалаумалейкүм Рақматолла, ассалаумалейкүм Рақматолла»-десе, құдасы маған сәлем беріп жатыр екен ғой деп: «Уаәлейкүмсалам, Жақсыбай құда, уаәлейкүмсалам Жақсыбай құда»,-дей беріпті.
|