Воскресенье, 07.12.2025, 08:55
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 13
Гостей: 13
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2011 » Май » 23 » Қуаныш
Қуаныш
00:36
Қоңырқай үстелімнің үстінде ежелгі әдетім бойынша жаңадан әкелінген газеттерді қарастырып отыр едім, шаштары желбіреп күлім қағып немерем Рәзия жетіп келді. Қуанышында шек жоқ секілді. Кішкентай ғана сұқ саусақтарымен маңдай тісі жақты нұсқап: «Ата, аузыма қарашы, түсіп қалды»,-деді жымыңдап. Шынында бірнеше күн бойы босап жүрген бір тісі түсіп қалыпты. Оның солқылдап тұрғанын үйдегілеріміздің бәріміз көріп, жанына батып ауырмасын ойластырып, жан-жақтан «кеңес» бергенбіз: «Қозғама. Өзі әрі-бері қозғалып, босағанда қалай түсіп қалғанын білмейсің»,-дегенбіз. Айтқанымыз келгені ме, әлде қалай, біз де бір тұңғыш рет жеңіл мәшине сатып алған кісілердей қуандық.
Мұның мән-жайына да сондай кеңірек тоқталып жүрміз әлсін-әлі. Мәселен, келесі күні келінім Маржан: «ұйқыдан оянғанымызда менен бұрын төсегінде отырып маған: «мама, мә, түсті» деп түскен тісін ұстатты, кішкене дорбама салып қойдым, ескерткішке» деген...
Енді, міне, тағы бір қуанышқа кенеліп отырмыз. Рәзияның папасы Кемел компьютер алдында отырған еді, бір сәт бәрімізді дүрліктірді. Өскемен қаласындағы нөмір қырық үшінші мектепте әзірлік тобында сабақтардың аяқталуына байланысты салтанатты жиын өткен. Соны пленкаға түсіріп алыпты балалар, қалың оқушылар ішінде «Молдаван биін» билеп өзіміздің Рәзия жүр. Көңілді, бірақ: «түскен тісі көрінбейді»,-деп қарқ болдық...
Құдай қуаныштан айырмасын, тіл-көзден сақтасын дейміз.

М. Күркебайұлы
Фото: Новый регион
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 892 | Добавил: модератор | Рейтинг: 5.0/1 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Май 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz