Ерден Сандыбайұлы өзі батыр, әрі шешен, би замандастарымен бір жиында отырғанда былай депті: Батырлықтан не пайда? Ажалға қылар пайда жоқ, Сараң байлықтан не пайда? Халыққа келер пайда жоқ. Қанша жақсы болсаң да, Ағайының білмейді, Өлгеннен соң өкінер, Уа, дүние, дүние боқ!
***
«Болар бала қандай болады, болмас бала қандай болады?»-деген Ерден би: -Ел мықтысы ұранға шығады, Ер мықтысы дуанға шығады. Болатын ер аталы ердің сөзін ұғады, Болмайтын шіркін адамнан, Қырғи көрген торғайдай бұғады,-депті.
|