Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса, май ерімейді. Тағам қуырған кезде, табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды. Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек. Балдыр иісі шыққан балықты тұзы езілген салқын суға салып қойса, жаман иіс кетіп қалады. Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек-бұл еңбекті жеңілдетеді. Қабығы жарылған жұмыртқаны тұзды суға салып пісірсе, ақпайды. Овощтағы (көкеніс) жәндіктерді тазарту үшін оны пісірер алдында тұзды суға батырып алу керек.
|