Әдетте қуықтың қабынуы (цистит) несеп жолдарына суық тигеннен пайда болады. Циститпен ауыратындар қатты тоңбауы керек, сондай-ақ, жазды күндері де аяқты жылы ұстау қажет. Егер қуықтың қабынуымен ауыра қалсаңыз, төмендегідей рецепт бойынша ем жасаңыз. 15 г танап қырықбуыны (полевой хвощ), 15 г қазтабанның тамырсабағы (корневища лапчатки) мен 20 г жолжелкенді (подорожник) 2 стақан қайнаған суға салып, 1 сағаттай бұқтырады. Осылай әзірленген тұндырманы күнде жатар алдында 1 стақаннан жылытып ішсеңіз, нәтижесі көп күттірмейді.
|