Тойда қыз жолдас пен күйеу жолдастың екі жасқа сай болғандары дұрыс. Әсіресе, бұл қыз жолдасқа қатысты. Яғни қыз жолдастың ең бастысы, киген киімі қалыңдықтың көйлегімен үйлесім табуы тиіс. Осындай сәтте жаңылмас үшін қыз жолдастың көйлегі төмендегі бес талапқа сай келуі тиіс:
1.Киген көйлегі тойға сай болуы қажет. Сонымен қатар қарапайым болғаны дұрыс.
2.Талғаммен алынған, өзіне жарасымды болғаны абзал.
3.Сыпайы киіну керек. Ашық-шашық немесе тым жылтыр моншақты болмағаны жөн.
4.Және киген көйлегінің түсі қалыңдықтың гүл шоғымен түстес болуы керек.
5.Сонымен қатар көйлегі мен аяқ киімі, таққан алқа, сырға, жүзігі де бір-біріне сай болуы қажет. Ең бастысы, өзін көңілді ұстауы керек.
А. Қонысбекова.
|