Өнерді үйренуге де өнер керек.
Арық қазбасаң, атызға су келмейді.
Пірің көп болғанша, Білімің көп болсын.
Теміршінің қолында Темір еріп су болар.
Оқыған ұл-атасынан да үлкен.
Айтушы ақмақ болса, Тыңдаушы дана керек.
Қолы ашықтың Жолы ашық.
Адамның тізгіні-ақылы.
Өз ішіңе сыймаған сыр Өзгенің ішіне де сыймайды.
Ұлың жаққан шырақты Қызың да жағады.
Жүгі жеңіл есек жата береді.
Атаң мұрап болса да, Арықтың басында бол.
Беделің-сәулетің, Еңбегің-дәулетің.
|