Ұлы Отан соғысының ардагері, қарт майдангер Қинаят ата малта туралы мынадай бір хикая шертті. Соғыс даласындағы қырғын шайқаста, қатарымыз селдіреп, біздің взвод қорғаныс шебін тастап, шегінуге мәжбүр болды. Күші басым жау әскерінің танктері екі қанаттан орап, ту сыртымызға өтіп кеткен. Тірі қалған бес жауынгер сай-жыраны сағалап, жайдың тылында қалып қойдық. Аштық пен шөл бірдей қысқанда жүк қапшығымды ақтарып отырып, бес-алты құрт тауып алдым. Майданға келгеніме сегіз ай болса да, "елдің дәмі ғой",-деп ырымдап, жемей жүргенмін. Сенсеңіз, балам, сол тығылған жерімізде төрт күн, төрт түн тырп ептей жаттық. Өйткені мидай жазық далада жаудың көзіне түсіп қалудан қорықтық. Шынымды айтсам, ол уақытта тұтқын болғаннан гөрі, өлгенді артық санайтынбыз. "Пленде болыпты" деген қаңқу ілінген қызыләскерлерге елдің бәрі сенімсіздікпен қарайды. Бесінші күні таң ата біздің бөлім қарсы шабуылға шығып, қару-жарағымызбен өз бөлімімізге қосылдық. Жанымызды сақтаған бес-алты құрт болды дегенге, ерекше бөлімнің қызметкерін әрең иландырдық. Абырой болғанда дорба түбінде бір уыс құрт болыпты. Куәлікке соны тарттық. Е, балам, сөйтіп жанымыз бен арымызды қазақтың құрты сақтап қалған еді. Ғ. Құмаров
|