1. Дауыстап жоқтау. Хадисте: «Пайғамбарымыз өлікке жылаудан қайтармағанымен, үмбетіне сабырлы болуын өсиет етіп, мәйіттің жанын азапқа салатындай, дауыстап жоқтау айтып, жылаудан қайтарған»,-делінген (Әбу Дәуд). 2. Бет тырнау, шаш жұлу. Аллаһтың елшісі: «Беттерін ұрып, жағаларын жыртқан және жаһилият дәуіріндегідей жоқтау айтып дауыс салғандар бізден емес!»-деген (Бухари, Муслим). 3. Аллаһ Тағаланың жазған тағдырына қарсы сөз сөйлеу.
Мәйітті жерлеу жөніндегі қысқаша
мағлұматтар А.Зулай. Р. Мухитдинов құрастырған «Жаназа рәсімдері» атты
кітаптан алынғанын ескерте отырып, қайтыс болған адамдар туыстарына
айтарымыз-бұл жөнінде толығырақ «Мұхамади» мешітіне келіп, не болмаса
хабарласып білулеріңізге толық мүмкіндік бар демекпіз.
|