Мәйітті жерлеу жөніндегі қысқаша мағлұматтар А.Зулай. Р. Мухитдинов құрастырған «Жаназа рәсімдері» атты кітаптан алынғанын ескерте отырып, қайтыс болған адамдар туыстарына айтарымыз-бұл жөнінде толығырақ «Мұхамади» мешітіне келіп, не болмаса хабарласып білулеріңізге толық мүмкіндік бар демекпіз. Жаназа намазы қалай оқылады? Егер жаназа оқымастан бұрын мәйіттің жуылмағаны белгілі болса, онда жуылып онда жуылып одан кейін жаназа оқылады. Сол сияқты жаназа намазы оқылып қойғаннан кейін мәйіт көмілмесе жуылып, намаз қайта оқылады. Ал егер жерленген болса, оны көрден қазып алмайды және жаназа намазын да қайтадан оқымайды.
|