Мәйітті жерлеу жөніндегі қысқаша
мағлұматтар А.Зулай. Р. Мухитдинов құрастырған «Жаназа рәсімдері» атты
кітаптан алынғанын ескерте отырып, қайтыс болған адамдар туыстарына
айтарымыз-бұл жөнінде толығырақ «Мұхамади» мешітіне келіп, не болмаса
хабарласып білулеріңізге толық мүмкіндік бар демекпіз.
Әбу Ханифа мазһабы бойынша жаназа намазын шығаруға ең құзырлы кісі әмірші не оның орынбасары, яғни наибы. Наиб болмаса мүфти, ол болмаса қазы, қазы болмаса жергілікті мешіт имамы, олар да болмаса марқұмның бір жақын адамы жаназа намазын оқиды. Егер қайтыс болған кісі бір адамға мені жусын және жаназамды оқысын деп өсиет қалдырса, егер ол кісі жоғарыдағы айтылған шарттарға сәйкес келсе, онда өсиет орындалады. Егер шарттарға сәйкес келмесе, онда өсиет есепке алынбайды.
|