Мәйітті жерлеу жөніндегі қысқаша мағлұматтар А.Зулай. Р. Мухитдинов құрастырған «Жаназа рәсімдері» атты кітаптан алынғанын ескерте отырып, қайтыс болған адамдар туыстарына айтарымыз-бұл жөнінде толығырақ «Мұхамади» мешітіне келіп, не болмаса хабарласып білулеріңізге толық мүмкіндік бар демекпіз. Жаназасы шығарылған мәйітті көтеру және жерлеу. Жаназасы шығарылған соң мәйітті иыққа салып төрт жағынан көтеру-мустахаб. Оны қабірге апара жатқан кезде тездетіп жүру-сүннет. Себебі, пайғамбарымыз «Жерлеуге асығыңдар»,-деген. Жерлейтін адамдар мәйіттің алдында, не артында, оң жағында не сол жағында жүрулеріне болады. Осының барлығы сүннетке жатады (Албанидың «Ахкам әл-жәнәжә» кітабын қара) Ханафи мазһабы бойынша мәйіттің артында жүрген абзал.
|