Воскресенье, 07.12.2025, 07:55
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2010 » Октябрь » 19 » Жастардың тамақтануына зер салсақ
Жастардың тамақтануына зер салсақ
22:22
Қазақ тағамтану академиясының директоры Төрегелді Шарманов ағамыз былай дейді: -Балалар ағзасына қандай дәрумендер пайдалы? Жас ағзаға қандай минералдар қажет?
-Өкінішке қарай, ел арасында "көкеніс пен жеміс-жидек ағзаға қажетті барлық дәрумендермен, минералдармен толық қамтамасыз етеді" деген қате пікір бар. Олай емес. Мысалы, күн сәулесі арқылы ағзада Д дәрумені түзіле бастайды. Жеміс-жидек пен көкеністерде С дәруменінің мөлшері жоғары болса, ағза аскөктен фоли қышқылы мен К дәруменін алады. Түсі қызыл жемістер бета-каротин береді. Ал басқа дәрумендер қыс айларында көбірек жиналады. Мысалы, В12, В5, Н (биотин) дәрумені көбінесе ет өнімдерінде кездеседі. Е дәрумені мен холин жұмыртқада, өсімдік майларында, яғни қыста пайдаланатын тағамдарда көбірек болады.
Жазда күн сәулесінің радиациясы жоғарылап, қайнаған ыстық баланың иммунитетін төмендетеді. Асқазан-ішек жолдары мен паразитарлық аурулар көбейеді. Сондықтан, қыста емес, керісінше жаз айларында балалардың кейбір дәрумендерге мұқтаждығы өседі. Бала шақырайған күн астында ұзақ уақыт жүрсе, терінің сыртқы қабаты жиі зақымдалады, сондықтан оларға антиоксиданттық дәрумендерге (С, А, Е,) бай тағамдар қажет.
С дәрумені орталық жүйке жүйесіне оң әсер етеді. Эндокринді бездердің жұмысын жақсартып, иммунитетті жоғаралатады. Қатерлі ісіктің пайда болуына жол бермейді. Өкінішке қарай, адам ағзасы жануарлардікіндей емес, онда С дәрумені өздігінен түзелмейді. Мұны көбінесе итмұрыннан, тәтті қызыл бұрыштан, қарақаттан, қырыққабаттан жәни цитрус дақылдарынан алуға болады. Мұндай тағамдар балаларға аса қажет.
А дәруменінің жеткіліксіздігі ішек аурулары мен респираторлық инфекциялардың қаупін 2-3 есеге жоғарылатады. Қазіргі таңда осы екі ауру балалар арасындағы өлім-жітімнің негізі болып отыр. Әдетте бұл дәрумен балық майында көбірек болады. Сиыр бауыры мен сары майда, жұмыртқа мен  сүтте де бар. Ал b-каротині, қызыл сәбіз, көк жуа, қызыл бұрыш, өрік, асқабақ пен қызанақ  А дәруменіне бай. Бұл тағамадар осы дәруменнің жетіспеушілігін жояды.
Д дәрумені жетіспесе, сүйектің минералдануы бұзылады, сүйектер жұмсарады. Күнделікті пайдаланатын тағамдардың құрамында бұл дәрумендер өте аз. Мұның фосфор мен кальцийдің алмасуын реттейтін қабілеті бар. Д дәруменін жұмыртқанын сары уызы мен сүт арқылы пайдаланамыз. Күннің астында 10-15 минут жүргеннің де пайдасы бар.
М. Бақытқызы, Ә. Аханова
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1604 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2010  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz