Қамқорлықтың түрі көп қой. Мәселен, мамандар ұйқың жайлы болмаса мазаң кетеді деседі.
Дұрыс ұйықтау үшін төсектің жайлы болуы маңызды. Ал көрпеше мен жастық әр адамның дене құрылысына қарай жеке таңдалуы қажет. Мысалы, жастықты алайық. Кейбіреу оған тек басын ғана қояды. Ал негізінде омыртқаның мойын бөлігі де баспен бірдей биіктікте болуы тиіс. Жастықтың ұзындығы иықтың енімен шамалас болғаны жөн. Сондықтан жастық сатып алатын кезде оған жатып көрген дұрыс.
Биік жастыққа жатқан адамның мойны мен иегіне әжім түседі. Бір қырымен жатқанды ұнататын адамдар басы мен иығына ыңғайлы болуы үшін қатты жастық таңдағаны жөн. Ал шалқасынан жатып ұйықтайтындар қаттылығы орташа жастықты таңдаса қателеспейді. Етбетінен жатып ұйықтайтындарға жұмсақ жастық қолайлы болады.
|