Ермек Бақтыбай, Атырау қаласының тұрғыны: -Мен денсаулық жайындағы шетел психологтарының кітаптарын көп оқимын. Аттары әлемге әйгілі Луиза Хей, Лиз Бурбо, Курто Теппервайнаның методикаларын оқып отырып, ауырмау үшін былай жасау керек екен-ау деген қорытындыға келдім: 1.Өзіңмен-өзің бол. 2.Өзіңді айналаңдағылардың қалауына қарай күштеп өзгертпе. Жаратылысың қандай болса, сол табиғи қалпыңды сақтағаның жөн. 3. Аурудың себептерін ішкі дүниеңнен ізде. Оған сыртқы факторларды кінәлаушы болма. 4. Барлық аурулар дұрыс ойланбауымыз кесірінен туындайды. Біз өзімізді немесе айналамыздағылардың кешіре білмейміз және дұрыс емес әрекеттерімізді мойындай қоймаймыз. 5.Өзіңді де, айналаңдағыларды да сүй. 6.Проблемалардан құтылуды және кешіруді үйрен. 7.Айналадағылардан өзіңе қаламаған нәрсені талап етпе. 8.Тәніңді «тыңдап» үйрен. Оның ескертуіне құлақ түр. 9.Сыртқы нәрселердің ықпалына душар болып, өзіңнің «меніңді» ести алмай қалып жүрме. Егер адам жақсы көруді және кешіруді үйренсе, онда ол қандай қиын ауру болса да жеңіп шыға алады екен. («Керек кеңестер» № 13 (21) 2011ж.)
|