Тоқа ішінде Алтай елінің ұрылары көрші ауылдың малын айдап әкетіпті. Екі ел арасында дау шығыпты. Билік бітімге Атығай Арық би мен Тоқа Шоң би шығыпты. Шоң би ірі денелі насат кісі болса керек те, Арық би кішкене ғана ажарсыз адам екен. Шоң сөз бастапты: -Арқаның Арық биі сапарың оң болсын! Елің де, өзің де жүдеп шыққан екенсің, сөйле?Сонда Арық би: -Әлей болсын. Аққу құстың төресі, жеке жүріп оттамас. Асыл ердің жақсысы бұралқы сөзді бұттамас. Мен арық болсам, елімнің жоғын жоқтап жүрген болармын. Өлеңді жерде өгіз семіз, ұрылы жерде би семіз деген. Сіздің семіз болатын ретіңіз бар ғой,-депті. Шоң би басқа сөзге келмей, жанындағы жігіттерге қарап: -Мына Арық бидің малын беріңдер, малына қоса жолын
...
Толығымен (Подробнее)»
| |